АЛАЯҚТЫҚ – ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ

АЛАЯҚТЫҚ – ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ

Елімізде алаяқтық қылмысының саны күрт өскен. Жыл басталғалы бері тіркелген қылмыстардың басым көпшілігі алаяқтық қылмысы.                         

Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Ақтау қаласы бойынша барлығы  954 (2021 ж. 12 айы-2349) қылмыс тіркелсе, оның ішінде 274 (2021-576) алаяқтық қылмысының үлесіне келеді.

Жалпы ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Ақтау қалалық сотымен қаралған 25 (2021-98) тұлғаға қатысты қылмыстық істің ішінде ақша алу арқылы 7 тұлға  (2021-25), 10 тұлға (2021-26) интернет алаяқтық қылмысы, 2 тұлға (2021-16) қызмет көрсету  және 6 тұлға (2021-31) жалақысы жоғары әртүрлі мекемелерге жұмысқа орналастыру сынды жалған уәделер беру арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, олардың сыйақы ретіндегі қаржыларын оңай жолмен табыс көзі ретінде пайдаланған.                 

Айыптау үкімдері қабылданған 25 тұлғаның ішінде 19 тұлғаға нақты бас бостандығынан айыру жазасы қолданылып, олар темір торға аттанған.   

Соттағы ең көп таралған қылмыстар қатарына жататын меншікке қастандық жасау жекелеген азаматтар үшін ғана емес, жалпы бүкіл қоғам үшін елеулі қауіп тудырады.

Меншікке қарсы қылмыстар экономикалық жүйенің негізі – меншікке қастандық жасайды.

Объективті түрде олар қоғамның экономикалық саласына зиян келтіреді, мемлекеттің экономикалық дамуын тоқтатады, тұрақтылықты бұзады, азаматтардың өміріне жағымсыз әсер тигізеді.                                                                                           

Ендеше, алаяқтардың үй алу, жұмысқа орналастыру, арзан несие алып беру, жер теліміне иелік ету және тағы осы сынды алдауларынан сақтаныңыз, абайлаңыз, алданып қалмаңыз.

                        Ақтау қаласының прокуратурасы