Жазаны қатаңдату қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейіне әсер етуде

Жазаны қатаңдату қылмыстық құқық бұзушылықтар деңгейіне  әсер етуде

    2020 жылдан бастап бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде көлік құралын басқарған үшін қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылды.

    Бұрын мұндай тұлғаларға қатысты, 3 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыра отырып, айыппұл немесе қоғамдық жұмыстар түрінде жаза қолданылған.

     Қазіргі уақытта сотталушыларға, көлік құралдарын жүргізу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза түрлері қолданылуда.

      Аталған өзгерістер көрсетілген жылы ҚР ҚК 346-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар санының 73% - ға (22-ден 8-ге дейін) төмендеуіне әкеп соқты.

       Өткен кезеңде Ақтау қалалық сотымен, мас күйінде рульге отырған 6 тұлға сотталып, олардың барлығы өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалған.

                               Ақтау қаласының прокуратурасы