Прокурорлар радиоактивті қалдықтар полигонының заңсыз құрылысын салудың алдын алды

Прокурорлар радиоактивті қалдықтар полигонының заңсыз құрылысын салудың алдын алды

   Қарақия ауданы әкімінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы  қаулысымен «West Dala» ЖШС-не Қарақия ауданының Қосалқы жер қорынан өндірістік қалдықтарды қабылдау, уақытша сақтау, көму, өңдеу кешенін салу үшін жер учаскесі берілген.           

     2021 жылдың 2 маусымында Қарақия ауданы әкімінің қаулысымен аталған жер учаскесінің нысаналы мақсаты «Радиоактивті қалдықтармен жұмыстарды жүзеге асыруға арналған арнайы кешен салу» деп өзгертілген.

    Алайда, мұндай шешім қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiмен қабылданады, яғни аудан әкімдігінің қаулысы заңсыз және Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасының наразылығы бойынша күшін жойған.