Адам саудасының құрбандарын анықтау құралдары және адам саудасына қатысты қылмыстық істерді тергеп-тексеру ерекшеліктері

22 ақпанда Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен Жаһандық қауіптерге қарсы тұру жөніндегі өңірлік хаб жұмысы шеңберінде Атырау облысының прокуратурасы және «Дәріс» ақпараттық-кеңес беру орталығымен бірлесіп «Адам саудасының құрбандарын анықтау құралдары және адам саудасына қатысты қылмыстық істерді тергеп-тексеру ерекшеліктері» атты тренинг өткізілді. Тренинг адам саудасына қарсы күресте прокурорлар мен полиция қызметкерлерінің әлеуетін арттыруға және құқық қорғау органдары мен азаматтық сектор арасында өнімді ынтымақтастық орнатуға бағытталған. Іс-шарада прокурорлар мен полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты істерді тергеп-тексеруді жүзеге асыру ерекшеліктері мен мәселелері талқыланды, қылмыстың құрбандарымен және куәгерлерімен жеке тергеу әрекеттерін жүргізу бойынша практикалық жаттығулар шешілді, адам саудасының жәбірленушілерін анықтау процесімен және ұлттық механизммен танысты. Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің және Нұр-сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ-ның бағдарламалық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара ағымдағы жылы осындай тақырыптағы тренингтер сериясындағы екінші іс-шара болды.