Түпқараған ауданының кәсіпкерлерімен көшпелі жиналыс өткізілді

Түпқараған ауданының кәсіпкерлерімен көшпелі жиналыс өткізілді

Түпқараған ауданының кәсіпкерлерімен көшпелі жиналыс өткізілді

        ҚР Бас прокуратура мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында бизнесті қорғау жөніндегі 2021 жылға арналған Жол картасы бекітілген және оның аясында   бизнес-қоғамдастықпен кездесетін жүйелік мәселелерді анықтау тапсырылған.

        Тапсырманы орындау мақсатында облыс прокуратурасымен облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Биснес саласында кездесетін жүйелі мәселелер мен әкімшілік кедергілер» тақырыбында кәсіпкерлер арасында Түпқараған ауданында көшпелі жиналыс ұйымдастырылды.

        Жиналысқа «Nur Otan» Партиясы филиалының, жергілікті атақрушы және бақылаушы органдардың өкілдері қатысты.

        Кәсіпкерлердің көбі Форт-Шевченко қаласының өндірістік аймағында орналасқан кәсіпкерлік субъектілеріне газ-су тарту жүргізуіне қатысты және жер беру мәселесі бойынша сұрақтарын қойған.

        Барлық сұрақтарға тиісті түсінік берілді, ал жекеленген сұрақтар бойынша облыс прокуратурасының бақылауына алынып, тиісті шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға кеңес хаттамасы жолданатын болады.

        Мұндай кездесулер облыс аумағында барлық қала аудандарында өткізілуі жоспарланған.