«223 кәсіпкерлерге қатысты негізсіз тексерулердің жолы кесілді»

«223 кәсіпкерлерге қатысты негізсіз тексерулердің жолы кесілді»

«223 кәсіпкерлерге қатысты негізсіз тексерулердің жолы кесілді»

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізуге 3 жылдық мораторий енгізілді. 

2020 жылдың өзінде Маңғыстау облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен бизнес субъектілерінде тағайындалған тексерістер саны 3 есеге (2826-дан 815-ке дейін) азайды.

Мораторийдің қолданылу кезеңінде Маңғыстау облысының прокуратурасы органдарымен 226 шағын кәсіпкерлік субъектілерінде негізсіз тексерулердің алды алынды.

Мысалы, бизнесті қорғау мобильдік тобымен Маңғыстау облысының білім басқармасы және Ақтау қаласының білім бөлімімен «Маңғыстау облысының білім беру мекемелеріне зерделеу және мониторинг жұмыстарын жүргізу туралы», «2020-2021 оқу жылындағы меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарынан 1-сыныптан ашылған кезекші сыныптарды оқытуда санитарлық талаптардың сақталуын мониторингілеу тобын құру туралы», «Меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарынан санитарлық талаптардың сақталуын мониторингілеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» бұйрықтарының заңдылығы зерделенді.

Мораторий жарияланғанына қарамастан құзырлы органдармен жеке меншік балабақшалар мен мектептерде мониторинг атауымен тексеру шараларын жүргізу көзделгені анықталды.

Осы негізде прокуратураның наразылығымен көрсетілген бұйрықтар Заңға сәйкестендіріліп, 204 кәсіпкерлік субъектілерінде заңсыз тексерулер жүргізудің алды алынды.

Облыс прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау барысында облыс әкімінің 2020 жылғы 10 қарашадағы «Ақтау қаласында орналасқан кәсіпкерлерге жоспардан тыс тексерулер жүргізу» туралы № 110-ө өкіміне наразылық беріліп күші жойылды.

Аталған өкімде кәсіпкерлерге қатысты халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер төндіретіні туралы бұзушылықтар бойынша нақты фактілер көрсетілмеген.

Нәтижесінде 22 кәсіпкердің қызметіне негізсіз тексерулердің жүргзілуіне жол берілген жоқ және кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Кәсіпкерлер тексерушілердің іс-әрекеттеріне байланысты сұрақтарымен Маңғыстау облысының прокуратурасы органдарының сенім телефондарына (сенім телефондары: 8 7292 42-34-10, 8 775 806 50 95) жүгіне алады.

Маңғыстау облысының прокуратурасы