Бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды!

Бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды!

Бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды!

 Мемлекет басшысы өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударды.

Осыған орай, Бас Прокурор прокуратура органдарына мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметіне кез келген заңсыз араласуын анықтау және жолын кесу тапсырылды.

Қадағалау қызметі барысында Маңғыстау облысы жер қатынастары басқармасының басшысы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және соттың өкілеттіктерін иемденіп, төрт бизнес субъектісіне қатысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдағандығы анықталды.

Прокурордың наразылығы бойынша 2021 жылғы 31 наурызда аталған шешімнің күші жойылды.

Бұл факті бойынша заңсыз шешім қабылдаған лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2021 жылғы 27 сәуірдегі қаулысымен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 173-бабымен кінәлі деп танылып, оған 204 190 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта аталған сот актісі заңды күшіне енді (Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 7 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды).

Маңғыстау облысының прокуратура органдары осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырады, оның нәтижелері туралы қоғамға жеткізілетін болады.

 Маңғыстау облысының прокуратурасы