Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және олардың қызметіне заңсыз араласуға жол бермеу прокуратура органдары жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Ағымдағы жылы Түпқараған ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзудың 3 фактісін анықтады.
Атап айтқанда, аудандық құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген кәсіпкерді жеңімпаз деп танымаған. Сот мемлекеттік сатып алу қорытындысын заңсыз деп танып, оның күшін жойды.
Бөлім басшысы прокуратураның қаулысымен ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар шектеу шараларын уақтылы алып тастамау және заңсыз тексерулер жүргізу фактілері анықталды. Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Маңғыстау облысының прокуратурасы