Ақтау қаласының прокуратурасы жолаушылар тасымалы саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.
Талдау барысында қоғамдық көліктерде кәмелетке толмағандарға арналған тариф бойынша QR-кодтардың болмағаны анықталды.
Соның салдарынан балалар жолақысын жалпы тариф бойынша төлеуге мәжбүр болған.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде жергілікті атқарушы орган кәмелетке толмағандарға арналған тарифті қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етті.
Ақтау қаласы прокуратурасының қабылдаған шараларының нәтижесінде 10 мыңнан астам кәмелетке толмаған жолаушының құқықтары қорғалды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы