Маңғыстауда прокуратура 21 мыңнан астам спортшының құқықтарын қорғады

Маңғыстауда прокуратура 21 мыңнан астам спортшының құқықтарын қорғады

Облыс прокуратурасымен өңіріміздің 21 мыңнан астам спортшысының және 1,1 мың жаттықтырушының құқықтары қорғалды.

Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау актісі негізінде спортшыларға, оның ішінде мүгедектігі бар спортшыларға тиесілі төлемдердің уақытылы төленуі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, құжаттарды дереу жолдау тәртібі және комиссияның отырыстарын ай сайын өткізу қалыптастырылды.

Құжаттардың уақытылы жолдануы, ай сайынғы төлемдерді тағайындауды тездетеді, бұл өз кезегінде өңіріміздің спортшыларын жетістіктерге жетуге ынталандырады және уақтылы тиісті төлемдерін алуын қамтамасыз етеді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде спортшылардың құқықтарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды.

             

                  Маңғыстау облысының прокуратурасы