Маңғыстау облысы прокуратурасымен жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың орындалу заңдылығына тексеру жүргізілуде.
Тексеру кезінде жекелеген сот орындаушылар тарапынан борышкерден/өндіріп алушыға қаражат аударатын арнайы есеп шотынан үшінші тұлғалар, яғни өзінің жақын туыстарының шотына 3 млн теңгеден астам қаражатты негізсіз аудару деректері анықталды.
Нәтижесінде, аталған жеке сот орындаушысына қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жеке сот орындаушылардың өндірісіндегі атқарушылық құжаттардың уақытылы орындалысына тексеру жұмыстары жалғасуда.
Маңғыстау облысының прокуратурасы