«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында Маңғыстау облысының прокуратурасымен бірқатар жұмыстар ұйымдастырылуда.
Тұрмыстық қатты қалдықтардың заңсыз шоғырлануын анықтау мақсатында арнайы құрылғыларды қолдана отырып, рейдттер жүргізілуде.
Нәтижесінде 100-ге жуық заңсыз қоқыс орындар анықталып, оларды жою барысында арнайы полигондарға 1,1 мың тонна шамасында қалдықтар шығарылды.
Заңнама талаптарын бұзып, қоршаған ортаны ластауға жол берген 1000-ға жуық тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сондай-ақ, профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, облыс тұрғындары мен қонақтарына түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Маңғыстау облысының прокуратурасы