Маңғыстау облысы прокуратурасының бастамасымен «Ізгі іс» әлеуметтік акциясы аясында өңірдегі аз қамтылған және көмекке мұқтаж отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Акцияның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет, бизнес және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерін біріктіру.
Акцияны өткізуге қала және аудан әкімдері мен өңір кәсіпкерлері белсенді қатысып, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсетті.
Акция аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж өңірдің 100 отбасына атаулы көмек көрсетілді.
Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Маңғыстау облысының прокуратурасы