«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасымен уәкілетті органдардың қатысуымен рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Өткізілген рейдтік іс-шара барысында Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданы аумақтарында тұрмыстық қатты және құрылыс қалдықтарының үйіліп жатқаны анықталып, оларды тазарту жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.
Анықталған бұзушылықтар бойынша аудан әкімінің орынбасары мен жеке тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа, сондай-ақ қалалық әкімдік қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Бұдан бөлек, рейдтік іс-шара жүргізу барысында заңсыз құм ұрлау фактісі анықталды.
Аталған факт бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылып, ақпараттық есепке алу кітабына тіркелді.
Қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру – бұл ортақ міндет.
Сондықтан, туған өлкеміздің тазалығын сақтауға, қалдықтарды белгіленген орындарға тастауға, әрі жауапкершілікпен қарауға шақырамыз!
Маңғыстау облысының прокуратурасы