Бейнеу ауданында жүгіруден марафон өтті

Бейнеу ауданында жүгіруден марафон өтті

Бейнеу ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және тұрғындардың белсенділігін арттыру мақсатында жүгіруден аудандық марафон өткізілді.

Аталған спорттық шараға Батыс өңірінің түрлі аймақтарынан 300-ге жуық қатысушы жиналып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар 10 шақырым қашықтыққа жүгіріп, жоғары дайындықтары мен спорттық шеберліктерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері кубоктармен, дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Марафон тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортқа деген қызығушылықты арттыруға және өңір тұрғындарының бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы