«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Жаңаөзен қаласының прокуратурасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шараның ерекшелігі азаматтарды қоғамдық көліктерде құқықтық ақпараттандыру жұмыстарының жүргізілуі болды. Қала тұрғындарының басым бөлігі күн сайын қоғамдық көлікті пайдаланатынын ескере отырып, автобустар профилактикалық ақпаратты таратудың тиімді алаңы ретінде таңдалды.
Автомобиль жолдары бөлімімен бірлескен жұмыстың нәтижесінде қалалық автобустарда интернет-алаяқтық пен есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған ақпараттық аудиороликтер мен жадынамалар орналастырылды. Материалдар жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып дайындалды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарға қала ішінде қатынау барысында құқықтық ақпаратты қолжетімді түрде жеткізуді қамтамасыз ету.
Іс-шараға қоғамдық көліктің 15 бірлігі тартылып, соның арқасында күн сайын бірнеше мың жолаушы профилактикалық жұмыстармен қамтылуда.
#Заң_мен_тәртіп
Маңғыстау облысының прокуратурасы