Халық қаһарманының ерлігі – жастарға тағылым

Халық қаһарманының ерлігі – жастарға тағылым

Маңғыстау облысы прокуратурасының бастамасымен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың жұбайымен кездесу өтті.

Іс-шараға сондай-ақ курсанттар, «Жас сақшылар» жасағының өкілдері, құқық қорғау органдарының ардагерлері, полиция қызметкерлері, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Кездесу барысында Ғазиз Байтасовтың ерлігі туралы бейнематериалдар көрсетілді.

Іс-шараға қатысушылар Ғазиз Байтасовтың ерлік жолы жастар үшін жоғары адамгершілік үлгі болып табылатынын, ал оның өмірлік өнегесі батылдықты, антқа адалдықты және мемлекет мүддесіне деген беріктікті айқындайтынын атап өтті.

Сондай-ақ жиналғандар тарапынан батырдың жұбайы Гүлжамал Байтасоваға кездесуге қатысып, Ғазиз Байтасовтың өмір жолы мен ерлігі туралы жастармен естеліктерімен бөліскені үшін алғыс білдірілді.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы