
Іс-шара балаларды қолдауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғам назарын аударту, сыйластықты, мейірімділікті және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеушілікті қалыптастыру.
Іс-шараға 200 бала, оның ішінде инклюзивті білім беру мектептерінің оқушылары қатысты. Акция аясында балалар асфальтқа сурет салу арқылы бақытты, мейірімді әрі қауіпсіз балалық шақ туралы өз армандарын бейнеледі.
Барлық көркем жұмыстар «Заң мен тәртіп» жазуының жанында орындалды, бұл балалардың амандығы, құқықтарының қорғалуы және қауіпсіздігі заң мен қоғамдық тәртіптің сақталуымен тікелей байланысты екенін білдіреді.
Іс-шара жылы әрі мерекелік атмосферада өтіп, балаларға жарқын әсер мен қоғам тарапынан ерекше көңіл бөлінді.
#Заң_мен_тәртіп
Маңғыстау облысының прокуратурасы