Ақтау қаласында мемлекеттік айыптаушылардың III республикалық форумы өтті. Экологиялық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаудың өзекті мәселелеріне арналған іс-шараға еліміздің батыс өңірлерінің мемлекеттік айыптаушылары, заңгер ғалымдар, адвокаттар мен сарапшылар қатысты.
Форум барысында экологиялық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сот тәжірибесіндегі өзекті мәселелер және халықаралық тәжірибе талқыланды. Сонымен қатар Құқық қорғау органдары академиясының профессорлары мен Бас прокуратураның психологтары мемлекеттік айыптаушыларға арналған арнайы семинар-тренингтер өткізді. Онда психологиялық тұрақтылықты нығайту, кәсіби күйзелістің алдын алу, шешендік өнер мен стандарттан тыс жағдайларда әрекет ету дағдылары қамтылды.
Екі күнге созылған форум қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табысталып, іс-шара өз мәресіне жетті.
Маңғыстау облысының прокуратурасы