Жастар мен жасөспірімдер арасында грэпплингтен «Batys Batyry» турнирі өткізілді

Жастар мен жасөспірімдер арасында грэпплингтен  «Batys Batyry» турнирі өткізілді

Бейнеу ауданы прокуратурасының бастамасымен жастар мен жасөспірімдер арасында грэпплингтен ашық «Batys Batyry» турнирі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, грэпплингке деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.

Турнирге Батыс өңірінен шамамен 250 спортшы қатысты, олардың қатарында мектеп оқушылары, аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім және мүгедектігі бар балалар болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысының командасы бірінші орынды, Ақтөбе облысының командасы екінші орынды, Атырау облысының командасы үшінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар медальдармен, белбеулермен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Турнир жас спортшыларды қолдауға және жастар арасында спортты дамытуға бағытталған.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы