Ашық сот процесі арқылы интернет-алаяқтықтың алдын алу

Ашық сот процесі арқылы интернет-алаяқтықтың алдын алу

Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен қалалық сотта интернет-алаяқтық фактісі бойынша ашық сот отырысы өткізілді (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы).

Іс-шара жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Сот отырысына жоғары оқу орнының студенттер қатысып, сот процесін тікелей бақылады.

Сотта анықталғандай, сотталушы әлеуметтік желі — TikTok платформасында тікелей эфир (стрим) арқылы төмен бағамен ұялы телефондар сататынын жариялап, азаматтарды алдап отырған.

Жәбірленушілер сеніп, 25–70 мың теңге көлемінде ақша аударғанымен, уәде етілген ұялы телефондарды алмаған.

Нәтижесінде бірнеше жәбірленушіге жалпы сомасы 231 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, заң талаптарына сәйкес жаза тағайындалды.

Ақтау қаласының прокуратурасы азаматтарды интернет арқылы сауда жасау кезінде сақ болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және тексерілмеген тұлғаларға ақша аудармауға шақырады.

Әрбір ойланбай жасалған шешім қаржылық шығындарға және құқықтық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы