Маңғыстауда алимент төлемегені үшін 100-ден астам борышкер жауаптылыққы тартылды

Маңғыстауда алимент төлемегені үшін 100-ден астам борышкер жауаптылыққы тартылды

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында Маңғыстау облысында алимент төлеуден қасақана жалтарған 104 борышкер жауаптылыққа тартылды.

Олардың ішінде 22 адам қылмыстық, 82 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды (барлық фактілер бойынша сот актілері бар).

Жауаптылыққа тартылғандардың арасында алимент төлеуден жалтару мақсатында ұзақ уақыт бойы әдейі жұмысқа орналаспай, сондай-ақ табыстары мен жұмыс орнын жасырған тұлғалар бар.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде прокуратура органдарымен 53 млн теңге көлемінде алимент өндіріліп, 366 кәмелетке толмағанның құқықтары қорғалды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы