Облыс прокуратурасының бастамасымен «Игі іс» әлеуметтік акциясын іске асыру шеңберінде өңірдегі аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға атаулы көмек көрсету қамтамасыз етілді.
Аталған акцияның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен бизнестің күш-жігерін біріктіру болып табылады.
Прокуратураның бастамасына «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауына ие болды.
Бизнес-қоғамдастықпен жүргізілген жұмыс нәтижесінде акцияны іске асыруға өңір кәсіпкерлері тартылып, мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге әлеуметтік жауапкершілік танытты.
Өткізілген іс-шаралардың барысында шамамен 40 кәсіпкердің қатысуымен қиын өмірлік жағдайға тап болған 100-ден астам отбасына атаулы көмек көрсетілді.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.
Маңғыстау облысының прокуратурасы