Облыс прокуратурасымен сарқынды суды бұру қызметінің тарифі төмендетілді.
«КЖСА» МКК қызметінде жүргізілген тексерумен 30 млн теңгеге тарифтік сметаның орындалмағаны анықталды.
Заңға сәйкес бекітілген тарифтік сметаны орындамау – уақытша өтемдік тарифті бекітуге негіз болады.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде сарқынды суды бұру қызметінің құны 3%-ға дейін төмендетілді, сумен қамтушы кәсіпорынға 3,4 млн теңге айыппұл салынды.
105 мыңнан астам тұтынушының құқықтары қорғалды, оның ішінде 1,5 мың кәсіпкерлік субъектісі бар.
Азаматтардың құқықтарының сақталуы прокуратураның тұрақты бақылауында.
Маңғыстау облысының прокуратурасы