Маңғыстау ауданында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бағытында шаралар жүзеге асырылуда

Маңғыстау ауданында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бағытында шаралар жүзеге асырылуда

Маңғыстау ауданы прокуратурасының бастамасымен Мансап орталығымен бірлесіп мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Іс-шара жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге және ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға бағытталған нақты қадам болып табылады.

Жәрмеңкеге 16 ұйым қатысып, түрлі бағыттар бойынша 52 бос жұмыс орнын ұсынды.

Нәтижесінде 2 азамат белгіленген квота шеңберінде тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, ал 3 адам субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама алды.

Жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, түйіндемелерін тапсыру мүмкіндігіне ие болды. Бұл жұмысқа орналасу процесін едәуір жеңілдетіп, оны ашық әрі қолжетімді етті.

Сондай-ақ іс-шара барысында прокуратура және Мансап орталығының өкілдерімен еңбек заңнамасы, жұмыс орындарын квоталау шарттары және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялық көмек көрсетілді.

Мұндай бастамалар жұмыспен қамтуды арттыруға және бизнес пен қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.

Барлық санаттағы азаматтар үшін тең мүмкіндіктер жасау жөніндегі жұмыс жалғасын табатын болады.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы