Маңғыстау облысы прокуратурасының «Алаңсыз үй» жобасы аясында Мұнайлы ауданының прокуратурасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу мақсатында бейнематериал дайындады.
Бейнероликте отбасында кездесетін құқыққа қайшы әрекеттердің негізгі түрлері, сондай-ақ олардың әлеуметтік және құқықтық салдары көрнекі түрде көрсетілген. Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол берілмейтініне ерекше назар аударылып, заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары мен жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тетіктері түсіндірілген.
Үй — қорқыныштың емес, қауіпсіздіктің орны болуы тиіс.
Егер сіз немесе жақындарыңыз зорлық-зомбылыққа тап болса — көмектің және қорғаудың бар екенін білу маңызды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы