
Маңғыстау облысының прокуратурасы «Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасы шеңберінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Біздің қаһармандар» атты іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шара барысында өскелең ұрпаққа балаларға жақын әрі түсінікті кейіпкерлер — прокурор, полицей, өрт сөндіруші және дәрігер бейнелері арқылы қоғам қаһармандары таныстырылды.
Интерактивті әрі қолжетімді форматта балаларға отты пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жолда өзін қауіпсіз ұстау қағидалары, жеке бас гигиенасының негіздері, сондай-ақ бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде сақтық таныту қажеттілігі түсіндірілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — кәсіби қызметке деген сенім мен құрметті ерте жастан қалыптастыру.
Маңғыстау облысының прокуратурасы