Маңғыстау облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуда көрсетпе сот отырыстарының маңызы

Маңғыстау облысында жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуда көрсетпе сот отырыстарының маңызы

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу аясында Маңғыстау облысы прокуратуры органдарымен көрсетпе сот процестерін өткізу тәжірибесін жалғастыруда.

Атап айтқанда, 2025 жылы облыс прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандардың қатысуымен 8 көрсетпе сот отырысы өткізілді. Аталған сот отырыстары есірткі құралдарының заңсыз айналымы, тонау, бұзақылық, орташа ауырлықтағы денсаулыққа қасақана зиян келтіру және ұрлық қылмыстарына қатысты болды.

Осындай іс-шаралардың бірі Маңғыстау ауданы прокуратурасымен есірткі құралдарын өткізу дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс негізінде ұйымдастырылды. Көрсетілімдік сот процесіне судьялар, прокурор, қорғаушы, сондай-ақ 300-ден астам оқушы, педагогтар мен мектеп психологтары қатысты. Қатысушыларға сот талқылауының негізгі кезеңдері — тараптардың жарыссөзі, сотталушының соңғы сөзі және судьяның үкімді жариялауы көрсетілді.

Іс-шара жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға және қылмыстық мінез-құлыққа деген тұрақты теріс көзқарасты дамытуға бағытталды. Кездесу қорытындысында оқушылармен түсіндіру және профилактикалық жұмыс жүргізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалды:

– кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар саны 9,5%-ға азайды;

– олардың қатысуымен жасалған құқықбұзушылықтар саны 16,5%-ға қысқарды.

Көрсетпе сот процестері өз тиімділігін дәлелдеді және 2026 жылы бұл бағыттағы жұмыс басқа санаттағы қылмыстық істер бойынша да жалғастырылатын болады, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында.

#Заң_мен_тәртіп

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы