Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
Тексеру барысында Мұнайлы ауданының прокуратурасы аудандық аурухананың 1040 қызметкерлерінің құқықтарының бұзылғанын анықтады: ағымдағы жылдың қазан айындағы жалақы белгіленген мерзімде төленбеген.
Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесімен 273 млн теңгеден астам мөлшерде аурухана қызметкерлердің жалақысын төледі, бұл олардың конституциялық құқықтарын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Маңғыстау облысының прокуратурасы