«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде облыс прокуроры Серікқали Күшәлиевтің төрағалығымен жазаны орындау және сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері бойынша ведомствоаралық жиналыс өткізілді.
Іс-шараға құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
Жиналыста түзеу мекемелері мен пробация қызметінің жұмысы, сондай-ақ сотталғандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, биыл облыс прокуратурасының бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін жергілікті бюджеттен 411 млн теңге бөлінді.
Аталған қаражатқа 8 жеңіл автомобиль, «Лорнет» рентгендік сканер аппараты, 100 бейнетіркегіш және 100 бейнекамера, мультимедиялық терминал, компьютерлер және т.б. сатып алынды.
«Телемедицинаны» енгізу және дәрігерлердің түнгі кезекшілігін ұйымдастыру арқылы қамаудағылардың шағымдары 30%-ға төмендеді.
Сотталғандарды әлеуметтендіруге 11 млн теңге бөлінді, сондай-ақ 93 сотталғанға жалпы сомасы 12 млн теңге біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
Кеңес қорытындысымен сотталғандарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ түзеу мекемелерде тәртіпті сақтау туралы міндеті қойылды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы