
Маңғыстау облысында жастармен ашық әрі заманауи диалогтың жаңа форматы іске қосылды — TEDx «Заң мен Тәртіп». Іс-шараны облыс прокуратурасы Ш. Есенов атындағы университетімен және бірқатар мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырды.
Бұл жолы әдеттегі баяндамалардың орнына қысқа, мазмұнды және әсерлі сөздерге негізделген TEDx форматы таңдалды. Спикерлер жастардың бүгінгі нақты сұрақтарына жауап беруге тырысты. Сахнаға облыс прокурорының орынбасары Сәкен Самет, Омбудсмен өкілі, Мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы және полиция өкілдері шықты.
Шара барысында жастарды толғандыратын өзекті мәселелер қозғалды: құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтарды қорғау, мансапты қауіпсіз түрде қалыптастыру, мемлекеттік органдармен тиімді байланыс орнату. Қатысушылар еркін пікір алмасып, сұрақтар қойып, жақын арада жүзеге асыруға болатын бастамаларды бірге талқылады.
Облыс прокуратурасы мұндай кездесулерді тұрақты форматқа айналдыруды жоспарлап отыр. TEDx алаңы жастар мен мемлекеттің бір-бірін ашық тыңдайтын, сенім мен жаңашылдыққа негізделген ортаға айналуы тиіс.
Маңғыстау облысының прокуратурасы