Жаңаөзен қаласы прокуратурасымен талдау жүргізу барысында ТОО «Neiron-Med» медициналық ұйымының 2025 жылғы шілде-тамыз айлары аралығында барлық міндетті төлемдер бойынша, соның ішінде әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары бойынша 23 млн теңге мөлшерінде берешегі бар екені анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде қарыз толық өтеліп, 145 медициналық қызметкердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді.
Құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін медициналық ұйымның директоры ҚР ӘҚБтК-ның 92-1-бабы 1-бөлігі 2-тармағы, 279-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, ескерту жарияланды және әкімшілік айыппұл салынды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы