Маңғыстау облысының прокуратурасында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өткізлді

Маңғыстау облысының прокуратурасында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өткізлді

Облыс прокуратурасында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, оған облыс прокуратурасы органдарының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.

Іс-шараны аша отырып, облыс прокуроры Серікқали Күшәлиев барлығын ұлттық мерекемен құттықтап, бұл күн – тәуелсіз еліміздің мемлекет ретінде қалыптасуының, бірлігіміз бен берекеміздің нышаны екенін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің туын биік ұстап, еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген баршаңызға алғыс айтамын. Прокуратураға жүктелген міндеттерді шешуде барлық күш жігеріңіз бен тәжірибеңізді аямайтыныңызға сенімдімін. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде табысқа жете берулеріңізге тілектеспін!», - деп атап өтті облыс прокуроры.

Сонымен бірге, прокуратура органдарының ардагерлері Надежда Кужинская, Манап Мырзақұлов құттықтап, өз тілектерін білдірді.

Салтанатты іс-шара прокуратура органдарының жекелеген қызметкерлеріне заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін төсбелгісімен, көп жылғы ерен еңбектері үшін медальдар мен құрмет грамоталарын және алғыс хаттарды табыстау рәсімімен жалғасты.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы