«Заң мен Тәртіп» концепциясын іске асыру мақсатында облыс прокуроры Серікқали Қүшәлиевтің төрағалығымен құқық қорғау органдарының бірінші басшылары және жергілікті атқарушы, уәкілетті органдардың өкілдерінің, мәслихат депутаттарының, ғылыми қауымдастық, экологиялық белсенділер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырыста өңірдегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыты бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі талқыланды.
Атап айтқанда, Маңғыстау облысында су ресурстарының шектеулілігімен, өндірістік қалдықтардың жиналуымен, топырақтың, атмосфералық ауаның ластануымен, сондай-ақ браконьерлік фактілерімен байланысты бірқатар экологиялық мәселелер орын алуда.
Прокуратура органдарымен жекелеген уәкілетті органдардың қызметінде экологиялық заңнаманы бұзу фактілері анықталды. Кейбір функциялардың жеткілікті үйлестірмеуі және уақтылы орындалмауы заңда көзделген тетіктердің толық іске асырылуына кері әсерін тигізіп отыр.
Мысалы, 2024-2025 жж. өңір бюджетіне қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін 5 мыңнан астам кәсіпорыннан бюджетке эмиссиялық төлемдері түспеген.
Өңірдегі өзекті мәселелердің бірі – су биоресурстарын заңсыз өндіру.
Соңғы бес жыл ішінде бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулауға байланысты 50-ден астам қылмыстық істер тіркелген.
Бұдан бөлек, жойылып кету қаупі бар жануарлардың заңсыз айналымы бойынша 100-ден астам қылмыстық іс қозғалған.
Бұл ретте тәркіленген биологиялық ресурстардың көлемі әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.
Отырыс барысында анықталған бұзушылықтарды жоюға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, сондай-ақ экологиялық қадағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар бекітілді.
Облыс прокуроры Серікқали Күшәлиев: «Табиғатты сақтау мен ресурстарды ұтымды пайдалану – бұл мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың борышы екенін атап өтті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана келешек ұрпақ үшін таза әрі қауіпсіз қоршаған ортаны қамтамасыз ете аламыз».
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша экология және табиғи ресурстар саласындағы уәкілетті органдарға экологиялық нормалардың сақталуын бақылауды күшейту және профилактикалық жұмысты жандандыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Маңғыстау облысының прокуратурасы