Облыс прокуроры Серікқали Күшәлиев өңірдің энергетика және жылумен жабдықтау саласындағы стратегиялық маңызды кәсіпорны болып табылатын «МАЭК» ЖШС-не жұмыс сапары аясында барды.
Сапар барысында облыс прокуроры комбинаттың ағымдағы қызметімен, өндірістік объектілердің техникалық жағдайымен танысып, кәсіпорынның негізгі цехтары мен бөлімшелерінің басшыларымен кездесті.
«МАЭК» ЖШС-нің және профильдік уәкілетті органдардың басшылығымен өткен кеңес барысында жабдықтардың тозуы, қысқы кезеңде жылу мен электр энергиясын берудің тұрақтылығы, сондай-ақ жаңғырту және қаржыландыру жоспарларын қоса алғанда, аса өзекті мәселелер талқыланды.
Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға, ЖЭО-1, ЖЭО-2 және ЖЭС жұмыс істеуінің сенімділігін, сондай-ақ жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Сапар қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдарға проблемалық мәселелерді шешу бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілетін болады.
Маңғыстау облысының прокуратурасы