Маңғыстау облысының прокуратурасы жағажайлардағы қауіпсіздікке бақылауды күшейтті: 24 құқық бұзушы жауаптылыққа тартылды

Маңғыстау облысының прокуратурасы жағажайлардағы қауіпсіздікке бақылауды күшейтті: 24 құқық бұзушы жауаптылыққа тартылды

Прокуратураның бастамасымен уәкілетті орган азаматтардың және кәмелет жасқа толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке және коммуналдық жағажайларға тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде 24 субъект Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 412-бабымен (су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе сақтамау) әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қала тұрғындары мен қонақтарының демалуы үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау мақсатында «Солдатский» коммуналдық жағажайы заңнама талаптарына сәйкестендірілді.

Жалпы азаматтардың және кәмелет жасқа толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 37 млн теңге бөлінді (құтқару бекетін салуға 24 млн теңге, 15 құтқарушының жұмысын ұйымдастыруға 13,5 млн теңге).

       

Маңғыстау облысының прокуратурасы