Меню
Страницы
Контакты
Пресс-центр
Документы
Деятельность
О прокуратуре
gov@nitec.kz

Пилоттық жобаны енгізу туралы

Пилоттық жобаны енгізу туралы

Ағымдағы жылғы 2 қазанда Бас прокуратурада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошановтың, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевтің қатысуымен Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау аясында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобаның таныстырылымы өтті.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Полиция тергеушісі мен прокурор пилоттық жобаның тәжірибеде қолданылуын көрсетті.

Пилот адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының негізгі шешімдерін келісу бойынша прокурордың өзіне жүктелген міндеттерін орындаудың электрондық форматын көздейді.

Осыған дейін екі өңірде - Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында пилоттық жоба сынақтан өткізілді. 1 қазаннан бастап жоба республиканың барлық аймағында іске қосылды.

Жобаның мәні тергеушінің іс-әрекетті саралау, қайта саралау, сондай-ақ тергеуді тоқтату туралы шешімін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде электрондық түрде қалыптастыруда болып табылады.

Прокурор онлайн режимінде олардың заңдылығын белгіленген мерзімде тексеруге, бұзушылықтар анықталған жағдайда ден қою шараларын қабылдауға міндетті.

Мұндай модель іс жүргізу құжаттарын дайындау уақытын және тергеу мерзімдерін қысқартады.

Бұдан басқа, қылмыстық процеске қатысушыларға қабылданған процестік шешімдерді қашықтан қадағалауға, келіспеген жағдайларда оларға уақтылы шағым жасауға мүмкіндік беріледі.

Бас Прокурор бұл жаңалықтар алдын ала прокурорлық қадағалауды қамтамасыз етуге және адал азаматтардың қылмыстық қудалау шеңберіне тартылуын болдырмауға бағытталғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, ағымдағы жылдың соңына дейін Жобаны сынақтан өткізуді аяқтауды, нормативтік-құқықтық базаны дайындауды және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын іске асыруға кірісуді тапсырды.

Дата публикации
05 октября 2020
Направления деятельности
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Открытое Правительство
Законодательство
Государственные символы РК
Послания Президента РК
Сайт Парламента РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Премьер-Министра РК
Структура Правительства РК