Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Майлыбаев Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың инвесторлардың құқықтарын қорғау және маңызды инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен бірге Қытай Халық Республикасына ресми делегация құрамында жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында қытайлық жетекші компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өтіп, Маңғыстау облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен болашақтағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.
Қытай тарапынан өңірде әлеуметтік-экономикалық нысандар салуға, сондай-ақ көлік-логистикалық және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға қызығушылық білдірілді.
Өз кезегінде, облыс прокуроры Айдос Майлыбаев Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру барысында жүйелі кедергілерді жою және қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру мақсатында енгізілген «прокурорлық сүзгі» туралы әлеуетті инвесторларға мәлімдеді.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетін дамытуға бағытталған бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы