Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмысты жалғастырып, бұл бағытты қадағалау қызметінің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындайды.
Осы ретте, Ақтау қаласының прокуратурасымен «Mangystau Oil Refining» ЖШС-де жалақы төлеу заңдылығы бойынша талдау жүргізілді.
2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында кәсіпорында 241 жұмыскерге жалақы төленбегені анықталды, жалпы берешек сомасы 197 млн теңгені құрады.
Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде жұмысшылар алдындағы берешек толық өндіріліп, жұмысшылардың конституциялық құқықтары қорғалды.
Өз кезегінде, жалақыны уақтылы төлемеген заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Прокуратурамен бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Маңғыстау облысының прокуратурасы