Маңғыстау облысында прокуратура мемлекетке 90 мың гектардан астам жерді қайтарды

Маңғыстау облысында прокуратура мемлекетке 90 мың гектардан астам жерді қайтарды

Маңғыстау облысының прокуратурасымен жер заңнамасының сақталуына тұрақты негізде талдау жүргізілуде.

Ағымдағы жылы қадағалау актілерімен мемлекет меншігіне жалпы аумағы 91 мың гектар, құны 800 млн теңге құрайтын 87 жер учаскесі қайтарылды.

Жер учаскелерін заңсыз беру және нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау фактілері анықталды.

Мысалы, қалалық әкімдікпен "И" ЖШС-не игерілмеген жер учаскесіне теңіз жағалауынан қосымша 0,5 гектар жер бөлінген. Сот шешімімен бұл жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұдан бөлек, Ақтау қаласы аумағында мемлекет меншігіндегі 9 жер учаскесін өз бетінше иелену фактілері анықталып - 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ, игерілмегендіктен мемлекетке 83 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер қайтарылды. Анықталғандай, ауыл шаруашылығы жануарларының саны айылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына  сәйкес келмеген, яғни жер учаскелерінің іс жүзінде пайдаланылмағанын көрсетті.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы