«Заң мен Тәртіп» апталығы аясында Маңғыстау облысының прокуратурасы халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Есірткісіз қала» ұранымен жүгіру марафоның ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жастарды есірткі мәселесіне назарын аудару, олардың бойында берік өмірлік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ салауатты әрі белсенді өмір салтын насихаттау.
10 шақырымдық қашықтықтағы жүгіру жарысына 15 пен 30 жас аралығындағы 200 адам қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар ерлер және әйелдер санатында анықталды.
Барлық қатысушыларға естелік медальдар табысталды, ал жеңімпаздар облыс прокурорының атынан грамоталармен марапатталды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы