Ағымдағы жылдан бастап қала прокуратурасымен алимент бойынша атқарушылық құжаттарға талдау жүргізілді.
Талдаумен уәкілетті органға ұсыну енгізіліп, нәтижесімен 33 млн теңге және 1 пәтер өндіріп алушының пайдасына берілді.
Одан басқа алимент төлеуден жалтарған 26 тұлғаға ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен айыппұл және қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, 5 тұлғаға қатысты Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен айыптау үкімі қабылданды.
Борышкерлердің назарына кәмелетке толмағандардың күтіміне алимент төлемеген жағдайда Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен жауаптылық көзделгендігін және алимент өндіру жөніндегі атқарушылық құжаттар қала прокуратурасының басты назарында екенін ескертеді.
Маңғыстау облысының прокуратурасы