Маңғыстау облысының прокуратурасында "Заң мен Тәртіп" апталығы аясында Ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараға 50-ден астам адам қатысты. Қабылдау барысында прокурорлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларға өз құқықтары туралы, қолданыстағы заңнама нормалары бойынша кеңінен түсініктемелер беріп, нақты құқықтық жағдайлар қарастырылды.
Сонымен қатар азаматтардан 5 жазбаша өтініш қабылданды. Барлық өтініштер заңда белгіленген тәртіппен қаралады.
Іс-шара аясында қатысушылар үшін прокуратура ғимараты бойынша шағын экскурсия ұйымдастырылып, мұражаф көрсетілді. Қатысушы прокуратура органдарының тарихымен және олардың қалыптасу кезеңдерімен танысты.
Облыс прокуратурасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайтуға бағытталған іс-шараларды одан әрі жалғастыратын болады.
Маңғыстау облысының прокуратурасы