Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерлері үшін жоспардан тыс аттестаттау өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерлері үшін жоспардан тыс аттестаттау өткізу туралы хабарландыру

Маңғыстау облысының прокуратурасы қызметкерді жоғары тұрған лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау өткізуді жариялайды.

2025 жылғы 17-23 маусым аралығында қызметкерді жоғары тұрған лауазымға ұсыну (байланыс телефоны мен мекенжайы төменде көрсетілген) мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттауға қатысу үшін баянаттар қабылданады.

Қызметкерді жоғары тұрған лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттауға іріктеуге қатысу үшін кандидаттарға:

1) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізу;

2) полиграфологиялық зерттеу жүргізу:

3) қызметкермен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесу;

4) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы.

Құжаттардың толық емес тізбесін беру, сонымен қатар белгіленген мерзімді бұзу жоспардан тыс аттестаттауға қатысудан бас тартуға негіз болып табылады.

Аттестаттау комиссиясының отырысына себепсіз келмеген қызметкерлер жоғары тұрған басшы лауазымға өсіруге ұсынылмайды.

Іріктеуге мына тұлға қатыса алмайды:

1) алынбаған тәртіптік жазаларының болуы;

2) басшы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келмеуі;

3) қызметтік не сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан.

Жоспардан тыс аттестаттау тәртібі «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері үшін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» 16.04.2025ж. №50 бұйрығымен, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңымен реттеледі.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасында анықтама үшін телефондар: 8-7292-42-34-10 (0202), Маңғыстау облысы, Ақтау қ., 15 ш/а, 56/1 ғимарат.