Спорт арқылы нашақорлықпен күрес: Маңғыстауда құқық қорғау органдарының арасында бокстан турнир өтті

Спорт арқылы нашақорлықпен күрес: Маңғыстауда құқық қорғау органдарының арасында бокстан турнир өтті

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында «Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында бокстан турнир өтті.

Жарыстың мақсаты – қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығы мен жауынгерлік рухын нығайту ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын, құқықтық тәртіпті және есірткіге қарсы белсенді ұстанымды насихаттау.

Іс-шараға облыс прокуроры Айдос Майлыбаев қатысып, нашақорлықпен күресте күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап, барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңіс пен спорттық сәттілік тіледі.

Жарыс нәтижесі бойынша 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды Мұнайлы ауданы прокуратурасының прокуроры Олжас Қонай иеленді.

Оның жеңісі қызметте де, спортта да жоғары нәтижелерге ұмтылудың, тәртіп пен табандылықтың жарқын көрінісі.

       

#Заң_мен_Тәртіп

#НашақорлыққаЖолЖоқ

#Спортүшін

                    

    Маңғыстау облысының прокуратурасы