Мүлікті сату кезінде салық төлемеу фактісі бойынша Маңғыстау облысында қылмыстық іс қозғалды

Мүлікті сату кезінде салық төлемеу фактісі бойынша Маңғыстау облысында қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстау облысының прокуратурасымен салық заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді.

Мүліктік табыстан 218 миллион теңге көлемінде салық төлеуден жалтару фактісі анықталды.

Салық кодекстің 330-бабына сәйкес, жеке тұлғаның салық салынатын мүліктік кірісіне Қазақстан Республикасындағы мүлікті өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс жатады.

Алайда заң талаптары мен салық органы жолдаған хабарламаларға қарамастан, салық төлеуші салықтық тексеру нәтижесінде есептелген соманы төлеу жөніндегі міндеттемесін орындамаған.

Аталған факті бойынша облыс прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 244-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергелуде.                  

                                   

Маңғыстау облысының прокуратурасы