Маңғыстауда жеке сот орындаушымен өкілеттігін теріс пайдалану фактісі анықталды

Маңғыстауда жеке сот орындаушымен өкілеттігін теріс пайдалану фактісі анықталды

Прокуратура «А» есімді жеке сот орындаушысымен (бұдан әрі - ЖСО) лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны анықталды.

Алимент өндіру жөніндегі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде «С» есімді борышкерге қатысты шекарадан шығуға шектеу қойылған.

Алайда ЖСО өндіріп алушының атынан жалған арыз жасақтап, көрсетілген шектеуді заңсыз түрде алып тастаған және бұл әрекеті үшін борышкерден ақшалай сыйақы алған.

Нәтижесінде борышкер бір жыл бойы еш кедергісіз Біріккен Араб Әмірліктері мен Өзбекстан Республикасына шығып тұрған.

Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚК 251-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өндіріп алушыға келтірілген шығынды толық өтеуіне байланысты сотпен қылмыстық іс ақтамайтын негізбен өндірістен тоқтатылған.

Осы тектес фактілердің және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура органдары атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты түрде талдау жүргізіп, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда.

                  

Маңғыстау облысының прокуратурасы