Бүгін облыс прокуроры Айдос Майлыбаев жылына 100 мыңға дейін қабылдау жүргізу мүмкіндігі бар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Ақтау қаласындағы құрылыстың барысын қарады.
Жалпы құны 4,8 млрд теңгені құрайтын нысан толықтай бұрын прокуратураның қабылдаған шараларымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылады.
Жобаны іске асыру заманауи және технологиялық жабдықтарды пайдалана отырып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Қарау нәтижелері бойынша мердігер мекеменің басшысына құрылыс жұмыстарының сапасы мен аяқталу мерзімдерін қатаң сақтау тапсырылды.
#Заң_мен_Тәртіп
#АктивтердіҚайтару
Маңғыстау облысының прокуратурасы