«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында прокурорлар «Тәрбиелі ұрпақ – қауіпсіз қоғам» атты ауқымды акция өткізіп, бір мезгілде облыстағы барлық білім беру ұйымдарына кездесуге барды.
Іс-шара барысында прокурорлар өңірдегі университет пен колледждердің 2 мың студенттері және 60 мың мектеп оқушыларымен кездесті.
Бұл акция - «Прокурор тәрбиесі» жобасының бір бөлігі.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін арттыру, заңды сақтау маңыздылығын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Сонымен қатар Н.Жантурин атындағы музыкалық-драма театрында жоғары сынып оқушыларының бір бөлігіне арнап жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған «Жолайрық» атты спектаклі қойылды.
Сондай-ақ ерекше көзге түскен, белсенді және үлгілі жасөспірімдер облыс прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұдан бөлек, профилактикалық есепте тұрған балалармен жеке жұмыстар жүргізілетін болады.
«Әр баланың өмірі мен әл ауқаты - ел болашағының кепілі. Біз девиантты мінез-құлық танытатын балаларға қамқоршылық және патронаждық көмек көрсету тәжірибесін енгіздік. Бұл – 400-ден астам жасөспірім. Олардың әрқайсысына жауапты прокурор бекітілді. Біздің ұранымыз - Мен сенің досыңмын және мен сен үшін жауаптымын», – деп түйіндеді облыс прокуроры Айдос Майлыбаев.
#Заң_мен_Тәртіп
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен пробация есебіндегі сотталғандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құзыретті органдардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды.
Жұмыс топтары құрылғаннан бастап 652 сотталғанның тұрғылықты мекен-жайларын аралау арқылы олардың тұрмыс-жағдайлары тексерілді, нәтижесінде 39 сотталған тұрақты жұмыспен қамтылды, 8 сотталған оқуға жіберілді, 73 сотталғанға психологиялық көмек көрсетілді, 1 тұлға тұрғын үймен қамтамасыз етілді және 5 сотталған Бейімдеу орталығына орналастырылды.
Әлеуметтік құқықтық көмек ретінде жергілікті атқарушы органдармен 57 сотталғанға бір жолғы жәрдемақылар берілді, қайта әлеуметтендіру ұйымдастыру үшін қаражат қарастырылуда.
Есептегі сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайын тексеру кезінде белгісіз себептермен үйінде болмаған және өзге де бұзушылықтар жасағаны үшін 45 сотталғанға қатысты сотпен бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Бұған қоса, сотталғандардың қатысуымен 17 ашық сот процестері ұйымдастырылды.
Бүгінге олардың арасында қайта қылмыс жасау төмендеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар облыстық прокуратураның қадағалауында.
#Заң_мен_Тәртіп
#Теңқұқылы
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Ақтау қаласының прокуратурасы пробация қызметінде есепте тұрған 87 сотталғанның қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібінің сақталуына тексеру жүргізді.
Жұмыстарды орындау қала әкімдігі белгілеген орындарда қарастырылған.
Тексеру барысында 8 сотталғанның іс жүзінде жазаны толық орындамағаны анықталды, алайда есепке алу табелдерінде жұмысты орындау туралы белгілер қойылған.
Бұл жағдай жұмыстардың нақты орындалуын тексеруді қамтамасыз етпеген ЖАО құрылымдық бөлімшесінің сапасыз бақылауының нәтижесінде мүмкін болды.
Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Ақтау қ. әкімдігінің «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
#Заң_мен_Тәртіп
#Әділдік
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Ағымдағы жылғы 18 сәуірде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасеновтың, оның бірінші орынбасары Құрманғазы Исказиевтің, сондай-ақ облыстың арнайы және құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы өзекті мәселелер, оның ішінде еңбек заңнамасының сақталуы, еңбек жанжалдарының алдын алу, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілуі, еңбек жағдайларын жақсарту және халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру шаралары талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді шараларды бірлесіп қабылдауға және өзара іс қимыл мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.
Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдегі заңдылық пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында барлық мүдделі тараптардың күш-жігерлерін үйлестіруді жалғастырады.
#Заң_мен_Тәртіп
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Жол көлік оқиғалары қазіргі таңда қоғамның үлкен мәселелерінің бірі, жыл сайын мыңдаған жол апаттары орын алады.
2024 жылы және 2025 жылдың өткен кезеңінде Маңғыстау облысында 276 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 59 адам қаза тапты. Олардың арасында 12 кәмелетке толмаған бала бар.
Бүгінгі күнге аталған санатта 173 тұлғаға қатысты сот үкімі қабылданды (жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы үшін ҚК-нің 345-бабымен - 86 іс, алкогольдік, есірткілік масаң күйде жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы үшін ҚК-нің 345-1-бабымен - 5 іс, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы үшін ҚК-нің 346-бабымен - 82 іс).
87 тұлғаға қатысты соттармен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Мысалы, ағымдағы жылы «Б» есімді жүргізуші кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншілерді қағып, олардың өліміне себеп болды. Сот оны ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Жол көлік оқиғаларының негізгі себептері ретінде жылдамдықты асыру, мас күйінде көлік жүргізу, жол ережелерін бұзу және басқа да адами факторлары аталады.
Прокуратура ескертеді, жол қозғалысы ережелерін бұзу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін, сондай-ақ әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықты көздейді.
#Заң_мен_Тәртіп
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Ақтау қаласының прокуратурасы ҚР 1,8 млн АҚШ долларын валюталық заңнаманың талаптарын бұза отырып шетелге шығарған «Б» компаниясына қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулысына өтінішхат келтірді.
Прокурордың өтінішін қарау нәтижесінде облыстық сот алқасы бұрын қабылданған шешімнің күшін жойып, компанияны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Сот валюталық түсімді уақтылы репатриацияламағаны үшін компанияға 153 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Қабылданған шешім валюталық операцияларды реттейтін заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау маңыздылығын растайды және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған.
Прокуратура заңдылықтың сақталуын қадағалау және елдің экономикалық қауіпсіздігін қорғау бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастырады.
#Заң_мен_Тәртіп
#Жауапкершілік
Маңғыстау облысының прокуратурасы
ЖОО-лардың бірінің қызметіне кешенді тексеру арқылы мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын өрескел бұзу фактісі анықталды.
Прокуратура органдары Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаменті Мұнайлы аудандық басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) басшылығының ЖОО студентіне еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде оған заңсыз артықшылық беру фактісін анықтады.
Атап айтқанда, соңғысы оқуын Басқарманың іс жүргізуші лауазымында толық емес жұмыс күнімен (төрт сағат, толық емес жұмыс күні) ұштастырған.
Бұл ретте, туыстық қатынастарға байланысты Басқарма басшысы мен оның орынбасары оның уақытын толық жұмыс күні ретінде (сегіз жұмыс сағаты) есепке алған, нәтижесінде бюджет қаражатының заңсыз жұмсалуына әкеп соққан.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз жұмсалған қаражат бюджетке қайтарылды.
Бұдан өзге, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімі негізінде, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Басқарма басшысына қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.
#Заң_мен_Тәртіп
#Жауапкершілік
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Бейнеу ауданының прокуратурасы тексеріс барысында «Куйкен» балабақшасында қаржылық саласында заң бұзушылықтарды анықтады.
Мекеме директоры мен есепшісі ата-аналармен төленген қаражатты –өздерінің жеке шоттарына заңсыз аударып, мемлекетке 12 млн теңгеден астам шығын келтіргені белгілі болды.
Аталған факті бойынша прокурорлар ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Сот үкімімен директор кінәлі деп танылып, заңсыз иемденген қаражат соммасының 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды.
Есепші 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.
Келтірілген залал толық көлемде өтелді.
#Заң_мен_Тәртіп
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Ақтау қаласында, Ш. Есенов атындағы Каспий университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң - тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Конституциялық Сот және Бас прокуратура өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты - Конституцияның негізгі ережелерін талқылау, конституциялық құндылықтарға құрметті қалыптастыру, конституциялық заңнаманы талдау және оның құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы маңызы.
Шараға Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, заң қоғамдастығының өкілдері, ғалымдар мен университет студенттері қатысты.
Құттықтау сөзін университет ректоры Б. Ахметов Конституцияның негізгі рөлін және оның құқықтық мемлекетті дамытудағы маңыздылығын атап өтті.
Бас Прокурордың көмекшісі Р. Мажитов өз сөзінде конституциялық заңнаманың эволюциясына, конституциялық-құқықтық реформалардың негізгі кезеңдері мен нәтижелеріне жан-жақты тоқталды.
Облыстық прокуратура басқармасының бастығы М. Боранбаева конституциялық реформалар және прокуратура органдарының қызметіндегі конституциялық аспектілер туралы толығырақ айтып өтті.
Соңында ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың барлығына үлкен алғыстарын білдірді.
Заң_мен_Тәртіп
Маңғыстау облысының прокуратурасы
Прокурорлармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 75 жетім балалардың тұрғын үй кезегіне қойылмағаны анықталды.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан 14 жетім жасөспірімді асырап алған қамқоршыларының біржолғы тегін ақшалай төлем алу құқықтарының негізсіз шектелгені және 24 қамқоршыға тиісті әлеуметтiк төлемдердiң белгіленген мөлшерден кем төленгені анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісімен барлық жетім балалар тұрғын үй кезегіне қойылып, төлемдер сәйкестендірілді.
Жауапты қызметкерлер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
#ЗАҢменТӘРТІП
#Әділдік
Маңғыстау облысының прокуратурасы