Қызылорда облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты үкім шықты

Қызылорда облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты үкім шықты

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді.

Нәтижесімен «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталды.

Облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді.

Аталған факт бойынша сотпен есепшіге қатысты үкім шығып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

 

#Заң_мен_Тәртіп

#Жауапкершілік